Елде әуе билеттерінің бағасына бақылау күшейеді

Үкімет динамикалық баға белгілеу жүйесін реттеп, "отын алымы" түсінігін алып тастауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте мәлім болды. Сондай-ақ, жиында  байланыс саласындағы түйіткілдер де талқыланды. Атап айтсақ, «Қазақтелеком» компаниялар тобын демонополизациялауды аяқтап, оларға иелік ететін мекемелердің 5G желісі бойынша жүргізілетін аукциондарға қатысуын шектеу жоспарланып отыр. Одан бөлек, отырыста көмір бағасын бағындыру, мұнай, электр энергиясы және теміржол саласындағы өзекті мәселелер қаралды.