Қостанай облысында жаңа оқу жылында оқушылар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі

Қостанай облысында жаңа оқу жылында 11 мың бірінші сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылады.

Бұл мақсатқа  жергілікті бюджеттен жарты миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Осылайша жауаптылар жоспарды межеден ерте жүзеге асырмақшы. Яғни өңірде бастауыш сынып оқушыларын тек 2025 жылдан бастап тегін тамақтандыру қарастырылған еді. Мұнымен қоса, білім басқармасы мамандары бюджетке қосымша тағы өтінім берген.   

Анна Лазарева, ОБЛЫСТЫҚ білім басқармасының баспасөз хатшысы:

- Біз 1,3 милиард теңгеге өтінім бердік. Жақында өтетін мәслихат сессиясында ол қаралатын болады. Аталған қаражат 2-4 сынып оқушыларын түгелдей ыстық тамақпен қаматамасыз етуге жеткілікті. Бұл 36 400 бала. Сондықтан сұрақ оң шешіледі деген үміттеміз.