Ақмола облысында 900-ден астам жазасын өтеуші жұмыспен қамтылды

Олар үшін тұрақты жұмыс орындары ашылып, ай сайын еңбек ақысы төленеді.

Жалпы түзету мекемесінде ағаш және металл өңдеу цехтары, құрылыс материалдарын өндіру және тігін фабрикалары жұмыс істейді. Жалпы жұмыспен қамтылған сотталушылар саны артып келеді. Себебі жыл сайын үш мекемеде жеті мамандық бойынша 250-ге жуық адам диплом алады.

Иван Падалко, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №5 мекемесі  бастығының орынбасары:

- Қазіргі уақытта бұл еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар. Олар жазасын өтеп шыққасын осы мамандықтарымен жұмысқа орналыса алады. Бүгінде біздің мекемеде "Еңбек" мемлекеттік кәсіпорнының филиалы бар. Онда жазасын өтеушілер токарь, автослесарь, тігінші мамандықтары бойынша жұмыс істейді. Ал еңбек ақыларын жақындарына жіберіп,көмектеседі.