Қызылордада «Бір ауыл - бір өнім» жобасы жүзеге асып жатыр

Оның аясында көрме ұйымдастырылып, 23 келіншек жергілікті шикізаттан жасаған өз өнімін ұсынды.

Самал Смайылова кептірілген жеміс-жидектерден чипсы жасайды. «Басты мақсатым - балар мен ересектерге табағи таза тіскебасар әзірлеу», - дейді. Өнім құрамына экзотикалық жемістерден бөлек, жергілікті арпа, жаңғақ және алма, жүзімді қосқан.

Самал Смайылова, кәсіпкер:

- Жеміс-жидектер өзінің дәмін сол балғын күйіндегі дәмі қалай болса, сол күйінде сақтайды. Адамның денсаулығына ешқандай зияны жоқ. Біздің барлық өнімдеріміз адамдардың денсаулығына арнайы зиянды қоспаларсыз жасалынып, шығарып жатыр.

Ал Арал ауданының тұрғыны Арсена Күшжанова түрлі өсімдіктің қоспасынан сабын дайындайды. Оның ішінде ешкі, түйе сүті мен жантақ қосылғаны ерекше сұранысқа ие.

Арсена Күшжанова, кәсіпкер:

- Қазақстанның басқа өңірлеріне де жіберсек, менікі органика болып есептелгеннен кейін, ауылдан өзіміз шөпті теріп, қайнатып, істегеннен кейін, органика магазиндеріне қойылып, ұсынылса деген ойым бар.

Арсенаның дүкен ашу жоспары көп ұзамай орындалуы әбден мүмкін. Себебі “Бір ауыл - бір өнім” жобасы аясында мемлекеттің түрлі қолдауына ие болған. 

Пірмұхаммед Сыздықов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Бұдан шыққан кәсіпкерлерді біз олардың бренд жасау өнімдеріне және олардың соңғы мақсатымыз “Бір ауыл - бір өнім” жобасының дүкенін ашып, сол жерде өнімдерін өткізу. Сонымен қатар кәсіпкғрлерге не керек, анықталады. Қаржылай көмек керек пе, болмаса сүймелдеу керек пе, болмаса дүкенін ашу керек пе, солар осы жерде анықталып, келесі жылға дейін солай көмектер берілетін болады.

«Бір ауыл - бір өнім» жобасы жиырмасыншы ғасырдың соңында Жапонияда пайда болған. Бір ерекшелігі - өнімге қажет шикізат сол ауылдан болуы керек. Айтулы бастаманың қазақстандық үлгісі жергілікті брендті қалыптастырып, ауыл әлеуетін көтеруге жол ашады», - дейді мамандар.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев