Кентаудың жылу жүйесі жаңартылады

Кентау қаласындағы жылу электр орталығы күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкіметтен биыл қомақты қаражат бөлінді. Бұған дейін шағын қаланың тұрғындары қыстай пәтері жылымай, бүрсең қағып шығатын. Өзекті мәселе жылдар бойы шешімін таппады. Себебі қалаға жылу беретін энерго орталықтағы қазандықтардың әбден тозығы жетіп, істен шыққан.

Бұл – Кентау қаласындағы 2 жыл бұрынғы көрініс. Қаңтар айында құбырлар жарылып, жұрт аязды күні жылусыз қалған еді. Ал мынау – өткен қыстағы жағдай. Қыс ауасында жылусыз қалған тұрғындар өз пәтерінде бүрсең қақты. 

Кентаулықтардың жыл сайын қыс ортасында жылусыз қалуына энерго орталықтың әбден ескіргені себеп. Өткен ғасырдың ортасында іске қосылған жылу орталығы соңғы 30 жылдан бері күрделі жөндеу көрмепті. Мұндағы 8 қазандық та тозған.  

Мұхтар Мухитдинов, цех басшысы:

- Алды – 1951 жылдан бастап қойылған қазандықтар. Соңғысы 1958-1959 жылдары қойылған. Екеуі кешегі Кеңес үкіметінің кезінен қосылмай қалды да, оның жұмысы әлі қосылған жоқ.

Сала мамандарының айтуынша, жылу қазандықтары әр 5 жыл сайын күрделі жөндеуден өтіп тұруы керек. Салдарынан құрылғылар көнеріп, жөндеуге келмей қалған.

Бақытжан Орынбасаров, «Кентау сервис» ЖЭО директорының міндетін атқарушы:

- 151 күн – жылу маусымы. Сонда 71 мәрте қазанықтар тоқталуы себептері болды. Біресе құбыр жарылады, «экранный» құбыр, бірде «подшивнигі» кетеді.

Үкіметтен биыл орталықтың күрдеулі жөндеу жұмыстарына 13 млрд 700 млн теңге бөлінді. Атқарылатын жұмыстардың ауқымдылығы мен қаражаттың қомақтылығына байланысты жұмыстар 2 кезең бойынша жүргізілетін болады.  

Қуаныш Ысқақов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары:

- Бірінші кезеңде ол – 6,6 магистральді жылу құбырларын ауыстыру. Ол қаладағы ең тозығы жеткен жерлерде. Екіншісі – ол жаңағыдай жылуэнерго орталығын рекострукциялау. Қаржы бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды.

Жылу орталығы қайта жаңартылып, 4 қазандық күрделі жөндеуден өтеді. Су айдайтын 4 станциялардың қуаттылығы күшейтіледі. Қазір бұл жұмыстарды атқаруы тиіс мердігер анықталып жатыр.  

Авторлары: Жандос Жұмабек, Қуаныш Әбуов.