Опера академиясының алғашқы түлектері сертификат алды

Елордада опера академиясының алғашқы түлектеріне сертификат табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2 жыл ішінде академияның жас солистері вокалдың қыр-сырын меңгеріп шықты.

Түлектер «Астана Опера» спектакльдерінде басты партияларды театрдың жетекші солистерімен бірге орындап, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары атанған. Бұдан бөлек, вокал техникасы бойынша танымал ұстаздармен жұмыс істеп, итальян, француз және неміс тілдерін меңгерді.

Жалпы халықаралық академия – Астана Операның базасында құрылған білім ордасы. Мұнда әлемдік деңгейдегі вокалистер дайындайды.