Аймақтарда шегірткеге қатысты ахуал тұрақты

Егер қандай да бір облыста жағдай ушығатын болса, дереу шара қолданылады.

Таяуда Қостанай облысында шегірткенің қаптағаны туралы ақпарат тараған болатын. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысынан кейін аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, 500 гектар аумақ зардап шеккен. Елде шегірткеге қарсы күрес жыл сайын атқарылатын жұмыс болғандықтан, биыл да жоспарға сай жүргізіліп жатыр, деп түйіндеді министр.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Өздеріңіз кеше байқаған шығарсыздар, барлық жерде тек бір видео тарап жатыр. Ол видео Жанкелді ауданында бір серіктестіктің жерлері. Мыңдап гектар зардап шегіп жатыр деген ол жалған ақпарат. Негізі дер кезінде сол жақта біздің мамандар болды. Мемлекеттік инспекцияның комитетінің төрағасы сол жақта болды. Өзімнің орынбасарым Танабек Әбілқ Ғалымұлы барды. Дер кезінде барлық шараларды қолданыып, қажетті уландыратын дәрілер жеткілікті көлемде сатып алынды.