«AMANAT» партиясы ел ішінде

Қостанай өңіріндегі ауызсу мәселесі мәжілістің басты назарында.

Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Рау аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Бейімбет Майлин ауданындағы Асенкритовка су құбырының салынғанына 60 жылдың жүзі болған. Тозығы жеткен желі қазір жөндеуден өтіп жатыр. Осыған байланысты ауылға су уақыт санап беріледі. Красносельское ауылында да 2 жылдан бері құбыр жөнделіп жатыр. Қазір құрылыс аяқталып қалған. Оған 740 млн теңге бөлінген. Осы айда арнайы комиссия нысанды қабылдауға тиіс. Бұдан кейін Мәжіліс вице-спикері Қостанай – Қарабұтақ аарсындағы республикалық маңызы бар жолдың жөндеу жұмысын көріп, жергілікті тұрғындарға «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында атқарылатын шаруаларды түсіндірді.

Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері:

- «Ең алдымен республикалық бюджеттен қаржыландырылған нысандардың жұмысын бақылаймыз. Алдағы күз айында қаржыландырылатын жобаларды толықтай зерттеудеміз. Аудандарымыз осы процесстен қалып қоймаса екен деген ойымыз бар. Одан бөлек жаңа жобалар бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Оның бірі «Ауыл Аманаты». Ол әзірге жақсы дамып жатыр деуге келмейді.