«Almaty Kuat» ЖШС директоры сотталды

«Almaty Kuat» ЖШС директоры 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ол 2 жыл бойы кәсіпкерлерден электр энергиясы үшін негізсіз төлем алып келген. Сот қаулысымен оның жалпы құны 134 млн теңгеден асатын жер телімдері мен құрал-жабдықтары бұғатталды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Тергеу барысында анықталғандай, ЖШС директоры Алматы қаласының индустриалды аймағына қатысушы 10-нан астам шаруашылық жүргізуші субъектілерімен электр энергиясын жеткізу шартын жасасып, электр энергиясын тұтынушыларды, сондай-ақ өндіруші және жеткізуші ұйымдарды алаяқтық жолмен электр энергиясын тұтынғаны үшін төлем шоттарын жазып, 2 жыл бойы кәсіпкерлер электр энергиясы үшін негізсіз ақы төлеп келгені анықталды. Осылайша, ол жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам шығын келтірген.