Елімізде импорттық тауарға бақылауды күшейту керек

Отандық тауар өндірушілерді қорғау үшін фитосанитариялық және  ветеринариялық бақылауды күшейту керек.

«Елімізге көптеген туарлар сырттан әкелінеді. Кейбір өнімдер арзан болғанымен олардың сапасы сын көтермейді. Алайда сапасы жоғары отандық фермерлердің өнімі бәскелестікке төтеп бере алмайды. Оның арты азық-түлік қауіпсіздігі мен бағаның қымбаттауына әкеп соғады»,-дейді Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров.  

Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біздің жағдайда қақпа өзіміздің өнімдерден басқаның бәріне ашық. Дүкен сөрелерінде қазақстанның теңгесіне  жасалған өнімдер жатуы керек. Сонда ғана бағаны тұрақтандыра аламыз. Біз Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп сүт өнімдеріне, нақты сүт зауыттарына зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде сапаға сәйкессіздікті анықтадық.