Балқаш атырабында "Тұран жолбарысын" жерсіндіру жұмысы жалғасып жатыр

Бұл жобаны Жабайы табиғаттың бүкіләлемдік қоры мен Қазақстан үкіметі бес жыл бұрын қолға алған.

Балқаш ауданында «Іле-Балқаш» табиғи резерваты құрылды. Жолбарыс Ресейдің Амур аймағынан әкелінеді. Ғалымдардың зерттеуінше Амур шерісінің тұрпаты мен генетикасы жойЫлып кеткен Балқаш жолбарысына өте жақын. Жобаға сәйкес алғашқы жолбарыс жұбы екі жылдан кейін Балқаш резерватына жеткізіледі.

Тарихи құжаттарда Балқаштың соңғы жолбарысын 1947 жылы жергілікті аңшы атып алған деген дерек бар. Содан бері бұр аумақтан жолбарыс тұқымы түбегейлі жоғалды. Қопалы қамыс пен қалың жынысты атырап жолбарыстың байырғы мекені еді. Түз тағысын жерсіндіру үшін резарватта 500 мың гектарға жуық жер бөлінген. Бұл ерекше қорғалатын экологиялық аймақ. Бөгде адамдардың келуіне, мал жайып, аңшылық жасауға мүлдем тыйым салынған.

Қанат Қожабеков, "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының бас директоры:

- Сырттан келіп аңшылық жасау деген бізде ондай болмайды. Машинаның өзі біздің рұқсатымызсыз кіретін болса біздің инспекторлар өздері іс әрекеттерін жасап, протокол бәрін түсіндіреді.

«Тұран жолбарысы» жобасына сәйкес жолбарыстар  Қиыр Шығыстағы жабайы табиғаттан алынады. Дүниежүзілік Қызыл кітіпқа енгізілген шерінің негізгі популяциясы Амур өзені жағасында сақталған. Қазіргі уақытта оларлың саны 500 ден асады. Ал Балқашқа әуелгі жылда үш жұп жолбарысты әкелу жоспарланып отыр.  Он жылды қамтитын кезеңде "Іле-Балқаш" қорығына кем дегенде 20 бас амур жолбарысы жерсіндіріледі.

Алмас Садуақас, тілші:

- Бұл қоршаудың ішінде бұғылар бар. Қоршаудың жалпы аумағы он гектар. Биыл мұнда 60 бас бұғы Қарашеңгел аңшылық шаруашылығынан әкелінді. Жануардың жем шөбі осында әзірленіп, арнайы күтім жасалады.

Қазір резарваттағы негізгі жұмыс тоғай бұғыларының санын көбейту. Қараой ауылынан батысқа қарай 50 шақырым жерде арнайы қоршау салынған. Жер шалғай. Адам аяғынының жету қиын. Мекеме инпекторлары фототұзақ құрып, бұғылардың жүріс тұрысын бақылайды. Қажетті жем-жөбін беріп, су жеткізеді. Оның өзі қыруар жұмыс. Қазір қоршауда алпыстан астам кермалар бар. Жалпы бес жыл ішінде мұнда 200-ден астам тоғай бұғысы жерсіндірілді. Жансерік Елубай, "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты директорының орынбасары:

- Бұның өзі биологиялық негіздемеге сәйкес жасалып жатқан жұмыстар.  Алдағы уақытта табиғи мекен ету ортасына жібереміз деген жоспарымыз бар. скл  сондықтан қақпаларды ашу арқылы бұғыларды еркіндікке жібереміз. Екі шетте екі есік бар. Сол екі қақпаны ашамыз бұғылар өз еркімен 5-10 күнде өз табиғи мекен ету ортасына шығады.

Он күн сайын кезектесіп кезекшілік атқаратын инспекторлар мен орманшылар жыл он екі ай Қорыста тұрады. Мұнда жатын орын, асхана бар. Электр желісі тартылмаған. Бірақ, тұрмыстық техника күн сәулесі батареяларында жинақталатын қуатпен жұмыс істейді. Аумақта доңызд мекендейді. Қазір олардың жалпы саны екі мыңға жуықтаған.

Алмас Садуақас, тілші:

- Күн сайын ымырт үйірілгенде қорысқа азық іздеп қабандар келеді.Мұнда арнайы жемдеу алаңы бар. Жалпы резерват аумағында мекендейтін жабайы жануарларлдың саны да жыл сайын артып келеді.

Балқашқа жолбарысты жерсіндіруге байланысты  түрлі пікір бар. Ең бастысы адамдардың қауіпсіздік мәселесі. Келешекте жолбарыс келгенде бір жыл бойы теміртор қоршауда болады. Кейін барлығына спутниктік қарғыбау тағылып, жүрісі қатаң қадағаланады. Арнайы үйретілген мобильді топ тәулік бойы шерінің тіршілігін бақылайды. Ол күн туғанға дейін резерватта әлі талай шаруа атқарылу тиіс.

Автолары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев