Қызылорда облысында «Үлгілі елді мекен» байқауы қорытындыланды

Қызылорда облысында «Үлгілі елді мекен» байқауы қорытындыланды.

Ауыл-аймақтың көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен қатар әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арнайы комиссия саралаған. Бүгін жеңімпаздарды облыс әкімі марапаттап, тазалық жұмыстарына арналған арнайы техниканы табыстады. 

Қызылорда облысында «Үлгілі елді мекен» байқауы қорытындыланды. Ауыл-аймақтың көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен қатар әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арнайы комиссия саралаған. Бүгін жеңімпаздарды облыс әкімі марапаттап, тазалық жұмыстарына арналған арнайы техникаларды табыстады.

Жасыл желек, таза көше, саялы демалыс орындары. Байқауға қазылық жасаған комиссия әр елді мекендегі тұрғындар үшін жасалған игіліктерді бағамдаған. Балаларға арналған ойын алаңдары, спорттық нысандар, ауыл ішінің абаттандырылу жағдайымен қатар әлеуметтік және экономикалық даму көрсеткіштері де ескерілген.

Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:

- Тазалыққа жаны құмар қала тұрғындарының да абаттандыру бағытындағы ерікті түрде жасап жатқан еңбектері орасан зор. Қала орталығынан жеңімпаз атанған шағын мөлтек аудандардың абаттандыру бағатында жасалған жұмыстарын бағалау мақсатында свер, көше, ауылдарды жарықтандыру, балалар және спорт алаңдарын аслу сынды жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыратын боламыз. 

«Үздік аудан орталығы» аталымы бойынша бірінші орынды Жаңақорған ауданының орталығы жеңіп алды. Ал екінші орынға Шиелі кенті лайық деп танылса, үшінші орын Қазалы ауданының Әйтеке би кентіне бұйырды. Сонымен қатар үлгілі ауылдар көшін Сырдария ауданының Нағи ілиясов ауылы бастады. Жалағаш ауданының Таң ауылы мен Арал ауданының аманөткел ауылы да осы аталымды иеленді.

Мұрат Тлеуімбетов, Жаңақорған ауданының әкімі: 

- Бүгінгі таңда бюджеттен 22 жылы 238 миллион теңге ақша бөлінсе көгалдандыруға, тазалығына,  2023 жылы 682 миллион теңге бөлініп жұмыстар жүріп жатыр. Бюджеттен тыс қаржылардан 790 миллион теңгеге орталық демалатын парк салынды. 

«Үлігілі елді мекен» байқауы дәстүрлі түрде жалғаспақ. Енді күзде өтеді. Ол үшін облыс бюджетінен 523 миллион теңге бөлінген. 

Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев