Еліміздің кей өңірлерінде шегірткенің қаптап кетуіне аптап ыстық әсер еткен

Ауыл шаруашылығы министрі жағдайдың келесі жылы да қайталанатынын ескертті.

Жалпы шегірткенің азиялық, марокколық және италиялық түрлерінің жаппай таралуы әр 11 жыл сайын тіркеледі екен. Министр биыл зиянкестердің дақылдарға зардабы тимейтінін атап өтті. Келесі жылы олармен күрес белсенді жүргізіледі. Қазір құзырлы органдар дайындықты бастады.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Біздің мамандар келіп, соны нақтылаған кезде оған дайын болу керек. Алқаптарды көрсету керек. Әрине, бәрі ұшқанын көреді де қорқады да зардап шегіп жатыр, жеп жатыр деп. Қазіргі таңда ол шегіртке жұмыртқаларын салуға дайындап жатыр. Ол жемейді алқаптарды. Зиян келтірмейді. Сол себептен Қостанай облысында, Ақтөбе облысында ахуал тұрақты, 2000 жылы осындай ахуал болған. 220 мың га егістік жардап шекті. Биыл ондай ахуал мүлде жоқ.