«Хабар 24» телеарнасының тілшісі «Үздік телесюжет» номинациясын иемденді

Елорданың 25 жылдығына орай БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырылған республикалық байқау мәресіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған газет редакциялары, порталдар мен телеарналар және радио журналистика саласының 100-ден астам қызметкері қатысты. Сайыс шартына сәйкес әрбір қатысушы Астана қаласының қордаланған мәселелері мен оның даму қарқыны турасында өз туындыларын ұсынды. Ал үздіктерді анықтау сол туындының өзектілігіне байланысты болды. Жалпы 7 аталым бойынша 21 қатысушы марапат алды. Оның арасында «Үздік телесюжет» номинациясын иемденген біздің арнаның тілшісі Динара Әбдірова да бар.

Динара Әбдірова, «Хабар 24» телеарнасының тілшісі:

- Осы елордада тұрамын, жұмыс істеймін. Сондықтан көптеген материалымда елордада болып жатқан өзекті мәселелерді қозғауға тырысамын. Бұл – тек қана менің үелсім емес, арнамыздың үлесі, арнамыздың жүлдесі.

Олжас Сыдықбек, «Elorda Aqparat» медиахолдингінің директоры:

- Қаланың дамуы да, қалада атқарылып жатқан қыруар шаруа да халыққа, көрерменге біздің журналист әріптестер арқылы жетеді. Енді сан түрлі салада еңбек етіп жатқан мамандар көп. Солардың әрқайсының жұмысын, еңбек жолын, өмірін, қызметімен таныстырып жатқан біздің журналистер қауымы екенін ешқашан ұмытпауымыз керек.