Көкшетау тауындағы өрт оқшауланды

Бурабай ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт оқшауланды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жау 0,14 гектар алқапты шарпыған. Өртті сөндіруге 120 адам және арнайы техника жұмылдырылды. Жалынның пайда болуына найзағай себеп.

Жалпы курорттық аймақта жыл басынан бері 14 өрт тіркелсе, соның 9-ы найзағайдан тұтанған, - дейді мамандар. 600 метр биіктіктегі өрт ұлттық парктегі смарт жүйенің көмегімен анықталды. Аймақта жедел штаб құрылды. Өңірдің барлық аумағында күн райына байланысты өрт қауіптілігінің жоғары деңгейі жарияланды.