Елде табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің айлығы өсті

1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100% үстемеақы қосылады.

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында тиісті қаулы қабылдады. Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген. Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдардың қатарына жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау және қалпына келтіру, мемлекеттік орман қорғау және тағы басқа мамандандырылған ұйымдар жатады. Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Жалпы осы салада 12 876 қызметкердің айлығы көтеріледі. Бұл шара білікті кадрлардың тұрақтап қалуына және жалпы жұмыстың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.