ТЖД: Тұрғын үйлерде өрт оқиғасы тыйылмай тұр

Биыл елордада 400-ге жуық өрт оқиғасы тіркелді.

Салдарынан 24 адам жараланып, 4 адам қаза тапты. Мамандардың айтуынша, қызыл жалын көбінесе тұрғын үй кешендерінде тұтанады. Төтенше жағдайдың басым бөлігі, азаматтардың бейқамдығынан, яғни қауіпсіздік ережелері сақталмағандықтан болады. Осыған байланысты, "Хабар" агенттігінің қызметкерлеріне өрт сөндірушілер мен дәрігерлер оқу-жаттығу жиынын өткізді. Шарада әріптестеріміз жараланған адамға алғашқы көмек көрсету және өрт жағдайындағы жедел әрекет түсіндірілді.

Қасиет Махмет, Астана қаласы ТЖД  бас маманы:

- Өрттің көбі техногендік - адамның өзінің қауіпсіздік ережелерін бұзу себебінен. Өрт болған кезде қандай номерге хабарласу керек екенін де білмей қалады кейді, өрт кезінде жедел шығу, эвакуациялық жоспармен шығуды да түсіндіріп жатамыз. балаларды қараусыз қалдырмауын да айтамыз.

Дәулет Жақашев, «Хабар» агенттігінің департамент директоры:

- Қызметкерлердің толық медицналық көмек көрсету, тж кезінде қандай шара қолдану керек, соның бәріне осындай оқу-жаттығу жиындарын өткізіп отырмыз.