Ұлытау облысының прокуроры қызметінен босатылды

Ұлытау облысының прокуроры қызметінен босатылды
Instagram

Бас прокурордың бұйрығымен Ұлытау облысының прокуроры Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев басқа лауазымға ауысуына байланысты қызметінен босатылды. 

Бұл жайында облыстық прокуратураның Instagram парақшасынан белгілі болды. 

Айта кетейік, Жарқынбек Бақашбаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына былтыр 27 шілдеде прокурор болып тағайындалған еді.