Шардарада тіршілік нәрі аз жиналғандықтан Қызылорда облысы үшін су лимиті қысқарған

Соңғы 5 жылда өңірге бес жүз миллион текше метрдей су көлемі аз беріле бастады.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров аймаққа жасаған іссапарында атап өтті. Ол бірқатар нысанды аралағаннан кейін су шаруашылығы мәселелері талқыланған дөңгелек үстелге қатысты. Жиында жаңа технология енгізіп, дақылдың тың түрлерін егуге ниетті шаруаларды мемлекет тарапынан ынталандыру мәселелері талқыланды. 

Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Шаруаларда мәселе бірінші субсидиялау, утильсбор жағы және министрліктің ережелері жайында оларда мәселелер бар. Барлығын жинап, жазып алдық. Барлығы шешілетін мәселе. Біздің қолымыздан келеді деп сенеміз. Одан басқа үлкен мәселе салық жағынан. Ол жағынан да бізде бірқатар бастамалар бар. Осы бастамаарды енгізуді келе жатқан бірнеше айдың ішінде енгіземіз деп ойлаймын.