Шу ауданында жертөледен оқ-дәрі мен қару-жарақ табылды

Қараусыз қалған ғимараттың жертөлесінен оқ-дәрі мен қару-жарақ шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіпті олжа Жамбыл облысының Шу ауданында табылған. Оның ішінде 9 бірлік қару мен тапанша, сондай-ақ 5,45 калибрлі 270 оқ-дәрі болды. Үлкен көлемде жасырылған оқ-дәрі мен қару-жарақты Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтаған.

Мәлім болғандай, 9 милиметрлік калибрлі тапанша Қаңтар оқиғасы кезінде Полиция департаментінің қоймасынан ұрланған. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары басталды.