Астанада есірткі зертханасы анықталды

Оны Украинаның 52 жастағы азаматы ұйымдастырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зертхананы тінту барысында 22 келі синтетикалық зат пен 2 тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Қазіргі таңда есірткі өндірісін жолға қойған 7 күдікті ұсталды. Оларға қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр.

Марат Төлебаев, қалалық ПД бастығы:

- Арнайы іздестіру операциясы кезінде нәтижесінде синтетикалық есірткі құрылдарын дайындауды ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды. Арнайы химиялық киімдер мен колбалар, жабдықтар, ыдыстар, орау материалдары және 2 тоннадан астам прекурсорлар анықталды. Тәркіленген 100 мың дозаны құрайтын 22 келі синтетикалық есірткі оны қолданатын тұлғаларға жетпей жойылатын болады.