Ұялы байланыс операторларына 200-ден астан шағым түскен

Ұялы байланыс операторларына былтырдан бері 200-ден астам шағым түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тариф саясатына қатысты тексеріс бастады. Бағаның негізсіз көтерілгені анықталса, операторлар әкімшілік жауапқа тартылады. Монополистер кем дегенде 1 жылдағы табысының 5%-і мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін. Биыл олар тарифті 50%-ке көтерген. Бұны агенттік растап отыр. Бұған дейін операторлар сұранысы жоқ қызмет түрлерін тарифтік жоспарға енгізіп, бағаны сәл қымбаттатқан еді. Нормаға сәйкес тарифті салмақты себептермен ғана көтеруге рұқсат берілген. Алайда ұялы байланыс операторлары бұнымен келіспей жатыр.