Жатақхана мәселесі: биыл Алматыға 33 мың жаңа студент келеді

Биыл Алматыға оқуға түскен 33 мың студент келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар қазірдің өзінде жатақханадан осынша орын жетіспейді деп отыр. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, қолдан келген шаралар жасалды. Былтыр еліміз бойынша 87 мың орын жетпеген еді. Соның 9 мыңы қонақ үйлер мен хостелдерге орналасты. Биыл ол үрдіс жалғасады.

Бүгін министр мегополистің жоғары оқу орындарының ректорлары және инвесторлармен кездесті. Басқосуда студенттерді баспанамен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Биыл 38 мың түлек Алматының оқу орындарын таңдаған.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Алматының орталығында 1990-200 жылдары салынған көптеген хостел, бизнес орталық бар. Олар өздерінің бизнес тұрғысынан өз кұндылығын  жоғалтқан. Бірақ жақсы жерде орналасқан жері бар. Оны тез арада қонақ үйге айналдыруға болады. Сол инвесторларға қыркүйек, тамызда шарттарды өзгертіп реканструкцияға субсидияларын, нормативін көтереміз. Екінші тынысын алып, біздің жастарға көмектесеуге болады. Өте тиімді бизес моделі.