Шетелден жеткізілген 213 мың автокөлік мемлекеттік тіркеуден өтті

Жыл басынан бері шетелден жеткізілген 213 мың автокөлік мемлекеттік тіркеуден өтті.

Тағы 1,5 мың көлікті криминалистер тексеруден өткізіп жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. 17 шілдеден бастап мыңға жуық автокөлік уақытша есепке қойылған.

Айта кетерлігі, 22-шілдеге дейін автокөлікті заңдастыруға 370 мыңнан астам өтінім түсті. 326 мыңнан астамы алдын ала онлайн тексеруден өткізілген. Еске сала кетсек, бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған немесе шектеуге байланысты заңдастырылмаған көліктерді 5 жылға уақытша тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл – былтыр 1-ші қыркүйекке дейін Ресей, Беларусь, Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктерге қатысты қабылданған шешім.