Елімізде екі мыңға жуық бала қызылша жұқтырды

Жыл басынан бері елде 2 мыңға жуық бала қызылша жұқтырды.

Науқастардың дені екпе салдырмаған. Аурудың таралуы әлі де тоқтар емес. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, дертті алдымен, шетелге демалуға барған балалар жұқтырған. Кейін ол ел ішіне таралды. Ведомства басшысы вакцинаның маңыздылығы туралы ақпараттық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Қызылша ауруы көптеген елде таралып жатыр. Біздің елге дерт көрші мемлекеттерден келді. Алдымен, демалуға барған балалар ауырды. Кейін олар елге оралып, екпе қабылдамаған балаларға жұқтырды.