Жезқазғандағы облыстық мұрағатта құжаттар қорын сақтауға орын жетпей жатыр

Кеңес заманында салынған бұрыңғы нысан тарлық етеді.

Әрі өрттен қорғау жүйесі жоқ. Өңірдегі типтік үлгідегі жалғыз архив  200 мың құжатты сақтауға арналған. Бірақ, бүгінде мұндағы құжат саны 500 мыңнан асып кеткен. Орынның жоқтығынан, мекеме соңғы 3-4 жылда көлемді құжаттарды қабылдаудан бас тартуға мәжбүр. Жергілікті билік жағдайлдан хабардар. Әзірге шаң басқан құжаттарды цифрландыруға қаржы бөлінген. Ал жаңа ғимарат мәселесі «Архив-2025» бағдарламасы аясында бірер жылда шешілуі мүмкін.

Әнуар Омар облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

- Біз енді мынау жобалық-сметалық құжатқа кететін уақытты ұту үшін, Ақтөбе облысында жоспарланып отырған 1 млн сақтау бірлігіне арналған архив ғимаратының жобалық сметалық құжатын күтіп отырмыз. Осы аяқталса, соны  бізге әкеліп, Ұлытаудың жеріне бейімдеп, сондай практикада бар. Сомасына қарап соған тапсырыс берсек деп. Енді шешіледі деп үміттенеміз.