Елордалық еріктілер ауыл балаларына спорт алаңқайын салып бермек

Қажетті қаржыны жинау үшін қайырымдылық концертін ұйымдастырды.

Іс-шарада әншілер мен әзілкештер өнер көрсетті. Концерттен түскен қаражат алаңқайдың құрылысына жұмсалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазір қажетті 10 млн теңгенің тең жартысы жиналған. Сондай-ақ, еріктілер бұдан кейін мұқтаж жандарға пәтер алып беруді жоспарлап отыр.

Айбек Сатуов, ұйымдастырушы:

- Ауылдарда балалардың көбісі қазір қалаға көшуде. Ауылдардың жағдайын жақсарту мақсатында балаларға көмек ретінде осы спорт алаңын салуды ниет еттік. Енді қазіргі таңда осы жобаға 5 млн 200 мың теңге жиналды. Осы сумма, барлығы осы жобаны салуға жұмсалады.