Бурабайда халықаралық балалар құрылтайы өтіп жатыр

Дәстүрлі шараға Ресей, Қытай, Монғолия, Қырғызстан, Өзбекстаннан үш жүзге жуық қазақ балғыны келген.

Олар Ақмола облысының тарихи жерлерін аралап, мәдени-танымдық шараларға қатысады. Сонымен қатар спорттық және зияткерлік ойындарда өзара бақ сынайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай іс-шара шетелдегі қазақ балалардың атамекенмен байланысын нығайтып, патриоттық сезімді оятады.

Ержан Әлібаев, құрылтайды ұйымдастыру тобының өкілі:

- Алты бағдарламамыз бар. Ол тек қана тәрбие жөнінде ғана емес. Ол кәісіптік бағдар беру, болашақ дағдыларын қалыптастыру, сауықтыру-спорт іс-шаралары және біздің мынау ұлттық тәлім-тәрбие, патриоттық сезімді ояту сияқты жұмыстармен айналысамыз. Оның шеңберінде біздің салт-дәстүрмен таныстыру, киіз үй бар, біздің тарихи жерлерімізді аралап, сол мәдениетімізбен таныстырамыз.