Ұлытау облысыдағы дала өрті сөндірілді

Ұлытау облысында өткен аптада бірнеше дала өрті болды.

Оның соңғысы бүгін таңертең сөндірілді. Жаңаарқа ауданында елді мекеннен 45 шақырым жерде шыққан өрт 1500 гектар  аумаққа тараған. Тілсіз жаумен күреске төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірге ерікті өрт сөндірушілер де жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша дала өрттері  шөп шабуға  шыққан техникалардан ұшқан шоқтан тұтанған.

Бектемір Есбергенұлы, облыстық ТЖД апаттық-құтқару жұмыстарының бастығы:

- Шабындыққа зиян тигені 45 гектар. Мал-жанға ешқандай қауіп төнген жоқ. Қазірп науқан уақыты шөп шабудың. Сондықтан елдімекендерде тракторлардың искра гасительдерінің исправность дейді ғой. Солардан шығады өрт.