Петропавлдағы халықаралық білім беру жүйесінің жетістігі мол

Петропавлдағы Қозыбаев пен АҚШ-тың Аризона университтеттерінің қосдипломды бағдарламасына мыңнан аса өтініш қабылданды.

Биыл талапкерлер үшін үшінші инклюзивті білім беру мамандығы ашылып жатыр.

Камила Мұратаева халықаралық білім беру бағдарламасына оқуға түскен ең алғашқы студенттің бірі. Ол – болашақ биотехнолог. Биыл екінші курсқа көшті.     

Камила Мұратаева, Kozybaev University & University of Arizona студенті:

- Бұл жерде оқушылардың оқуына деген көптеген жағдай жасалған. Мысалы, осы корпустың ішінде бізде ПЦР машиналары бар. Және де электрофорез сондай сияқты қымбат жабдықтар бар. Сонымен қатар бізге шетелден көптеген мұғалімдер келді.

Оқу бағдарламасы ағылшын тілінде. Студенттер соңында қос диплом алып шығады. Бірі – жергілікті, ал екіншісі АҚШ-тың Аризона университетінен беріледі. Биыл талапкерлерге биология ғылымдары және ақпараттық технологиялармен қатар инклюзивті білім беру мамандығы ашылды.

Айгүл Нұрпейісова, Kozybaev University педагогикалық факультетінің деканы:

- Оқыту ағылшын тілінде беріледі. Және де ең басты артықшылығы – студенттер төртінші курста бір семестрге АҚШ Аризона университетінде білім алады бір семестр бойынша. Және де айта кетейін Аризона университеті ол енді әлемнің 150 ең үздік университетінің бірі болып саналады.

Студенттер жаңадан салынған оқу – зертханалық корпусында білім алады. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 8 млрд теңге жұмсалды. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков