Таразда ТҮКШ бөлімінің басшысы сегіз жылға сотталды

Таразда қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы сегіз жылға сотталды.

Оның сыбайласы әрі серіктестік басшысы да осындай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Қалалық №2 сот тиісті үкім шығарды. Күдіктілер 115 миллион теңге мемлекет қаржысын жымқырған. Қалалық прокуратураның мәліметінше, әкімдіктің бөлім басшысы мен мердігер көшелерді бейнекамерамен жабдықтау және жарықтандыруға бөлінген 91 миллион теңгені қолды қылған. Сондай-ақ 24 миллион теңгеге салынуы тиіс қоқыс алаңдарының ақшасын ұрлаған.

Асылхан Тілешов, қалалық прокуратураның бөлім басшысы:

- Алдын ала сөз байласу мәселесі тергеу амалдарымен толық дәлелденіп отыр. Мердігер мекеме тарапынан атқарылмаған жұмыстар бойынша іс-құжаттар дайындалып, бөлім басшысына ұсынылып. Бөлім басшысы тиісті қарау жұмыстарын жүргізбестен сол жұмыстарды қабылдап алу туралы актіге қол қойып, соның нәтижесінде мемлекетке шығын келтіріп отыр.