Жетісу облысының білім беру саласында жымқырылған қаржы 4,4 млрд тг жетті

Бір ғана Жетісу облысының білім беру саласында жымқырылған қаржы көлемі 4,4 млрд теңгеге жетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметі осындай. Бүгінде ведомство қызметкерлері Талдықорған қаласы білім беру бөлімінің басшысы ұрлыққа көз жұма қарағаны үшін 280 млн теңге көлемінде пара алғандығын анықтаған. Ал бухгалтерден 1 млрд теңге тауып, тәркілеген екен. Одан басқа Ақтөбе облысында ревизиялық комиссиясының мемлекеттік аудиторы 500 мың теңге ақша алғандығы үшін 15 млн теңге айыппұл арқалаған. Жалпы қазір осы білім беру саласында 100-ден астам қылмыстық іс тіркелген. Ұрланған қаржының көлемі 8 млрд теңгеге дейін жетеді. Елдегі жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр және бізде парақорларға қатысты Қытайдың тәжірибесі неге қолданылмайды? Осы және өзге де сұрақтарға  бүгін сағат 18:30-да «Интервью» бағдарламасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали жауап береді.