Алматыдағы өртке байланысты 2 қылмыстық іс қозғалды

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өрт шыққан тұрғын үй кешенінде кейбір талаптардың сақталмағанын мәлімдеді.

Құтқарушылардың айтуынша үйде түтінге қарсы құрылғы дұрыс жұмыс істемеген. Егер ол қалыпты істегенде ғимаратты қалың түтін баспайтын еді,-дейді мамандар. Бұған қоса жоғарғы қабаттарда балкондар арқылы шығатын апатты есіктер құлыптанып тұрған. Ал үрейленген үй тұрғындары өрт сөндірушілердің келуін күтпей терезеден секіріп, жағдайды одан бетер ушықтырды. Бұл қате қадам,- дейді төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері   Өкінішке қарай, өрт кезінде терезеден секірген әйел ауыр жарақаттан көз жұмды. Өрт сөндірушілердің айтуынша ол 20 секунд күткенде құтқарушылар аман алып қалмақ еді. Өйткені, ол секірген сәтте қызметкерлер есікті ашып кіріп оның анасын құтқару құралының көмегімен жерге түсірген. Тілсіз жауға байланысты тұрғын үйде өрт қауіпсіздігінің сақталмауы және адам өлімі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Ведомсвтоаралық комиссия құрылып, техникалық сараптамамен, тергеу амалдары басталды.