Павлодар облысында заңсыз қоқыс полигондары анықталды

Павлодар облысында жүргізілген ғарыштық мониторинг нәтижесінде 66 заңсыз қоқыс алаңы анықталды.

Қазір үйіліп жатқан тұрмыстық қалдықтарды арнайы полигондарға тасымалдау жұмыстары қолға алынды.  Мамандардың айтуынша, коммуналдық қалдық үйілген жерлерде өрт оқиғалары да жиілеген. Бұған жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты 17 әкімшілік іс қозғалып, 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Айта кетейік, алты ай ішінде жауаптылар шаруашылық нысандарында 23 жоспардан тыс тексеріс жүргізген. Экологиялық кодексті бұзу дерегі бойынша 30 заңбұзушылық тіркелді.

Мағзұм Қоқымбаев, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:

 - Стихиялық қоқыс орандарының пайда болуына заңдастырылған полигондардың аздығы себеп. Өңірдегі 321 тұрмыстық қалдықтар шоғырланған арнайы орындардың басым бөлігінде мемлекеттік актілер жоқ. Санитарлық-экологиялық нормаларға сәйкес емес полигондар жетерлік. Бүгінде әкімдіктер алты елді мекендегі полигондарды нормаға сәйкестендіріп жатыр.