Павлодар облысында табиғи резерват қызметкерлерінің жалақысы артады

"Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері жалақыларын орманшылармен теңестіруді талап етуде.

1 шілдеден бастап орман шаруашылығында еңбек ететін 13 мыңға жуық адамның жалақысы көтерілген болатын. Бірақ радио операторлардың, жүргізушілердің, тракторшылар мен бақылау мұнарасы қызметкерлерінің еңбекақысы сол күйінде қалған. "Біздің жұмысымыз да қауіп-қатерге толы. Дала және орман өрттерін оқшаулау мен жоюға белсенді атсалысамыз" дейді олар. Сондай-ақ  резерват қызметкерлері жоғары өрт кезеңі болғанда өтемақы төлеуді сұрап отыр. Бұл мәселеден экология министрі де хабардар. Зүлфия Сүлейменова жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту тетіктері қарастырылып жатқанын жеткізді.

Зүлфия Сүлейменова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Бұл жерде мәселе штаттан тыс қызметкерлерге қатысты туындап отыр.  Өкінішке қарай бюджеттік бағдарламаларды арттыруға қолдау көрсетілмеді. Сондықтан біз орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіптік одақтарымен  жұмыс істедік. Олар штаттан тыс қызметкерлерді біріктіреді және биыл 70 пайыз, ал 24 –ші және 25-ші  жылдарға қосымша ақы төлеу жоспарын жасады. Үнемдеу арқылы қосымша қаржы қарастыру мәселесін  пысықтап жатырмыз.