Шымкентте полицейге қатысты қызметтік тексеру басталды

Шымкентте баласымен жүрген әйелді көлікпен қағып кеткен полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру басталды.

Тергеуді қалалық полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбеков ерекше бақылауына алды. Естеріңізге сала кетейік, жақында полиция қызметкері жаяу жүргішілер жолындағы екі адамды қағып кеткен еді. Қызметтік көлікті Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкері айдаған. Қазір сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

Салтанат Қаракөзова, Шымкент қаласы ПД ресми өкілі:

- Шымкент қаласы Полиция Департаментінің басшылығы зардап шеккендер мен олардың туыстарынан кешірім сұрайды. Полиция қызметкерінің кесірінен адамдар жолда жарақат алды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерумен анықтау басқармасы айналысады. Тергеу барысы ерекше бақылауда.