Семейде мектеп формасының жәрмеңкесі өтіп жатыр

Жаңа оқу жылы қарсаңындағы маңызды шараға өңірдің 5 кәсіпорны өз өнімдерін ұсынды.

Олар оқушыларға бірінше кезекте қажет киім-кешек пен аяқ киімдерді зауыт бағасымен саудалауда. Абай облыстық Кәсіпкерлік басқармасы мамандарының айтуынша, жәрмеңке аймақтағы жеңіл өнеркәсіп нысандарын қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Мұндай шара алдағы уақытта аудандарда да жалғасын табады.

Дархан Сағымбеков, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

- Абай облысында бұл жәрмеңке бірінші рет өткізіліп тұр. Мұндай жәрмеңке өте маңызды. Себебі, ата-аналарға балаларын бірінші қыркүйекке дайындау керек. Бұл жәрмеңкеде тек осы Абай облысында өндірілген мектеп формасы қойылған. Сапасы жағынан өте жақсы, бағалары қолайлы.