Қостанайды су басты

Қостанай облысында да күн райы күрт бұзылды.

Кешкі 18:30 шамасында облыс орталығында қалың жауын жауып, найзағай ойнады. Қаланы әп-сәтте су басып кетті. Ал екпінді жел жағдайды ушықтырған. Айналада ағаштардың бұтағы сынып, құлап жатыр. Қазгидромет болжамынша, аймақта өрт қаупі сейілген жоқ.