Қостанайда «Мақтанышым сен едің!» әлеуметтік жобасы бастау алды

«Мақтанышым сен едің!» Аллюр компаниясында осындай атаумен әлеуметтік жоба бастау алды.

Көлік құрастыру саласындағы ірі кәсіпорын осылайша өндірістік туризмнің көкжиегін кеңейтпек. Қостанайлық зауытқа тамыз айынын ортасынан бастап машина жасаушылардың туыстары экскурсия жасай алады. Алғашқылардың бірі болып мұндай керемет мүмкіндікке алты жасар Ерке ие болды. Ол әкесі еңбек ететін өндіріс ошағын аралап көрді. 

Алты жасар Ерке үшін бүгін ерекше күн. Оны әкесі өз жұмысына жетектеп әкелді. Бірінші сынып оқушысы осы сәтті былтырдан бері күтті. Әкесі Марат Мырзахметов Allur зауытында дәнекерлеуші боп істейді. Алып машина жасау кәсіпорнында бұрын-соңды мұндай кішкентай келушілер болмаған. Себебі өндіріс ошағын жасы 16-дан басталатын туристерге аралауға рұқсат.  

Марат Мырзахметов, дәнекерлеуші:

- Біздің коридорымыз. Жұмысқа баратын жеріміз. Міне, қараңыздар. Жұмыс істеп жатқан біздің үздік адамдар зауыттағы. 

Ерке көлік құрастыру цехтарына саяхат жасауға сақадай сай. Оған аумағы сексен мың шаршы метрден асатын өндіріс алаңдарын аралауға тура келеді. Зауыт басшылығы кішкентай қонақты ересектермен тең көріп, әуелі нұсқама беріп, арнаулы киіммен қамтамасыз етті. 

Зауытта көлік құрастыратын бірнеше цех бар. Қайсыбіріне кірсең, таңғажайып әсер аласың. Бірақ Ерке әпкесімен бірге әуелі дәнекерлеу цехын, яғни әкесінің жұмыс орнын көруге асық. Бұл жерде болашақ көліктің негізі қаланады.  

- Әке, мына жерде қалай машина пайда болады?

- Қара қазір, жігіттер дәнекерлейді. Папаңның әріптестері қазір көрсетеді. 

Көлік шанағын жасау үшін тоқсаннан астам бөлшектерді дәнекерлеп, өзара жалғау керек. Одан әрі автокөлік бояуға жөнелтіледі. 

Марат Мырзахметов, дәнекерлеуші:

- Краска цехына келдік. Машиналарды осы жерде папа дәнекерлеген кузовтарды осында кіргізеді. Осында сырлайды. Кузов ваннаға түседі. Мұнда 13 ванна бар. Бірінші ванна кузовтың дақтанбауы үшін. Содан кейін барып грунтовка өтеді. Сол грунтовканың бәрін өтіп болғаннан кейін ғана краскаға барады. 

Kia Sportage өндірісі басталғалы түстердің таңдауы екі есе артты. Қазір зауытта 10 түрлі түс бар. Көлікке бояу түсіргеннен кейін шанақ пен құрамдас бөлшектер тегістеледі. Кішкентай қонақ осы міндет те өзін сынап көрді.

- А для чего так нужно делать?

- Затираешь, когда вот здесь пупырышки торчат, её надо затирать.

Кәсіпорындағы цехтар осымен шектелмейді. Алтыжасар Ерке көлік құрастырудың кезекті алаңында болды. Мына жерде шанақ ұсақ түйінді құрастырудан өтеді. Барлық бекеттен өткен көлік әрі қарай жан-жақты тексеріледі. Су шашу сондай сынақтың бір түрі. Көлік әрі қарай кедергілер трегіне жіберіледі. Алайда бұл жолы Ерке үшін бағытқа өзгеріс енгізілді. Автозауыт ішінде су жаңа көлікпен кішкентай қонақ қыдырды.       

Ерке Мырзахметова, қала тұрғыны:

- Әкемнің қолынан шыққан көлікпен жүріп өттік. Іші кең, әрі ыңғайлы. Маған өте ұнады. Әкемнің жұмыс орнына бару бұрынғы арманым болатын. Бүгін соның бәрі орындалды. Қуаныштымын.

Жақын арада басқа отбасы мүшелері де туыстарының жұмыс орнында бола алады. Allur зауытында тамыз айының ортасында «Мақтанышым сен едің!» деп аталатын арнайы жоба бастау алады. 

Наталья Дьяченко, Allur зауытындағы корпоративті бизнес мектебінің бас маманы:

- Мақсатымыз – орындалатын жұмыстың, мамандықтың мерейін асыру. Allur көлік құрастыру саласындағы ірі зауыт саналады. Осы ретте әр жұмысшының, тіпті олардың туған-туыстарының үлесі барын зор мақтанышпен айта аламыз.     

Осы күнге дейін екі жүзге жуық қызметкер өз туысын отбасылық экскурсияларға жаздырған.

Данияр Сұлтанұлы, Наталья Строкова, Ермек Мұхамедияров