Жыл басынан бері Астанада 43 көлік өртенді

Бас шаһарда көлік өртену жағдайы жиілеп, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 65 пайызға ұлғайған.

Мәселен, жыл басынан бері елордада 43 автокөлік отқа оранса, былтыр осы аралықта 26 өрт оқиғасы тіркелген болатын. Негізгі себеп ескі техникадағы тоқ өткізу жүйесінің тұйықталуы, жанармай қондырғысындағы ақаулар және сұйылтылған газ құю ережесін сақтамау. Осыған байланысты қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары жанармай құю бекеттерін аралап, көлік жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әбіш Біржанов, Алматы ауданы ТЖБ бас маманы:

- Газбен айналысатын өзінің мамандары бар. Егер автокөлік газ қондырғысымен паркингтің тұрақ орындарына орналасқан болса, біздің мамандар шақырылады. Біздің мамандар әкімшілік жазаға тартады. Қатаң тыйым салынады өрт қауіпсіздігі ережесі бойынша.