Қыркүйектен бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады

Қыркүйек айынан бастап Президенттік жастар кадр резервіне жаңа іріктеу басталады.

Кандидаттардың мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеуі, тапсырмаларды шешу қабілеті бағаланады. Сондай-ақ олар бірқатар әңгімелесуден өтеді. Іріктеуден сәтті өткен адамдар мемлекеттік қызметтің және квазимемлекеттік сектордың жауапты лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау құқығымен үш жыл мерзімге резервке алынады. Бұл туралы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында мәлім болды. Шарада алдағы іріктеуді өткізуге дайындық туралы баяндады. Толық парат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтында жарияланады. Іріктеу жыл соңына дейін жалғасады.

Айта кетейік, бұдан бұрын тиісті резерв 2019 және 2021 жылдары жасақталған еді. Олардың ішінен 264 жас түрлі лауазымды қызметке тағайындалды.