Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылған күніне орай үздіктер марапатталды

Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылған күніне орайластырылған республикалық байқау мәресіне жетті.

Оған еліміздің 20 облысы бойынша аумақтық департаменттер мен басқармалар қатысты. Нәтижесінде мемлекеттік бюждетке салықтың түсімін қамтамасыз етіп, жоғары көрсеткішке ие болған 18 мекеме «үздік» атанды. Сондай-ақ бірқатар азамат, салаға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Ал 162 еңбеккерге «сала үздігі» төсбелгісі табысталды.

Фердоуси Қожамбергенов, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы:

- Жыл басынан бері 1 млрд 5 млн теңгеге немесе 33 пайызға берешектер азайтылды. Оның ішінде 104 млн теңгеге дебиторлардың есебінен өндіріп алу, 140 млн тг инкас есебінен және мүлікті мәжбүрлеп сату арқылы 42 млн тг. Біз енді бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра беретін боламыз.

Данияр Жанәлінов, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:

- Әр салада өзін көрсеткен азаматтарды, түсімдер бойынша, тексерудің нәтижесі бойынша немесе мемлекеттік қызметін көрсетіп елдің алғысын алған қызметкерлерді біз марапаттауға тырысамыз. Ертеңгі күні біздің комитеттің жаңадан келетін жұмысшыларына жақсы қарқын көрсететін шара деп ойластырып отырмыз.