Таразда 80 отбасы баспаналы болды

Таразда үй кезегінде тұрған 80 отбасыға пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Баспана «Бақытты Отбасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілді. Үйлі болғандардың арасында көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бар. Сонымен қатар ата-анасынан айырылған балалар да қоныс тойын тойлады. Аталған бағдарлама бойынша биыл 460 пәтер пайдалануға беріледі.

Жалпы Тараз қаласында 42 көппәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 3 мыңға жуық пәтер беріледі.

Қаламқас Аметалиева, Тараз қаласының тұрғыны:

- Мемелкеттік бағдарлама Бақытты Отбасы бойынша, Отбасы банкепен біраз жылдан бері кезекте тұрмын. Қазіргі таңда, міне, 3 бөлмелі пәтердің иесі болып отрымын. Қуанышымда шек жоқ. Осы мемлекетіміз, Президентіміз де осындай бағдарламаны қолдап, қолжетімді баспанаға ие болып отырғаныма ризамын.