Жамбыл облысында «Narko Shekteu Taraz» атауымен телеграмм-бот жұмысын бастады

Жедел желі арқылы, тұрғындар есірткі қылмысы мен саудасы, тасымалы жайында хабар бере алады.

Жоба бұған дейін бір ай пилоттық режимде жұмыс істеп, тиімділігін көрсеткен.  Осы уақыт ішінде 1200 хабарлама түсіпті. Тұрғындар телеграмм-ботқа есірткі жарнамасы мен жасырынған орындар жайында ақпарат жолдаған. Соның нәтижесінде 1100-ден аса күдікті сайт бұғатталды. 

Нариман Төребеков, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі:

- Бағдарламаны оңтайлы пайдалану үшін қазіргі таңда QR кодтар пайдаланылып жатыр. Ол QR кодтар облыс орталығында және барлық аудандарда, қоғамдық орындарға орналастырылды. Пилоттық жобаны іске асыру кезінде алғашқы хабарламалар облыс прокуротурасына түскен. Қазіргі таңда бұл бағдарламаны толық көлемде полиция департаментіне беруге байланысты алдығы уақытта хабарламаларға тексеруді полиция қызметкерлері жүзеге асыратын болады.