Алматыда 7 млрд теңгенің жер телімі мемлекетке қайтарылды

Алматыда 7 млрд теңгенің жер телімі мемлекетке қайтарылды

Алматыда құны 7 миллиард теңге болатын заңсыз алынған жер телімдері анықталды.

Бұл 2014 жылы қала шекарасын кеңейту кезінде қосылған Алматы облысына тиесілі жер учаскелерінің бір бөлігі болып шықты. Жергілікті прокуратураның мәліметінше, «Халықаралық клубтар қауымдастығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағы 30,9 гектар жерді қосалқы шаруашылық жүргізу үшін алған. Алайда оның кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған. Қазір жер телімдері мемлекетке қайтарылды.