Риддердегі мектеп ғимаратын қайта тексеретін болды

Риддердегі жалғыз қазақ мектебінің ғимаратына тағы да​ толық тексеріс жүргізіледі.​

Егер апатты деп танылса, білім ошағы толықтай №11-ші  аралас мектепке көшеді.​ Бұл туралы салалық басқарма басшысы мәлімдеді. Естеріңізде​ салайық,​ Риддердегі "Шаңырақ" мектеп гимназиясы оқушыларының, қос ғимарат арасында оқып жүргені туралы талай айтқанбыз. Олардың бірі осыдан 65,екіншісі 90 жылға жуық уақыт бұрын салынған. Ғимаратты жөндеуге​ қаражат бөлініп жатыр. Осы көктемде мектептің апатты жағдайдағы қосымша ғимараты сүрілген болатын.​ ​"Шаңырақ гимназиясы №11 мектеп ғимаратына көшкен жағдайда, екі мектептің де заңдық құқы сақталады", - дейді мамандар. Екі ұжым екі ауысымға бөлініп оқуы мүмкін.

Инесса Чернышёва, ШҚО білім басқармасының басшысы:

- Біз барлығына тиімді боларлықтай шешім таптық деп ойлаймын. Енді Шаңырақ гимназиясына тағы да толық тексеріс жүргізілетін болады. Расымен де апатты жағдай болатын себептер анықталса, онда ол мектеп ұжымы, 11-ші мектеп ғимаратына көшіріледі.