Жемқорлардан тәркіленген ақшаға еліміздің 3 қаласында 62 мектеп салынады

Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 76 мың орындық 62 мектеп салынады.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, олар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бой көтереді. Қазір парақорлардан алынған қаражатты жинақтайтын арнайы Қор жұмыс істеп тұр. Бүгінге дейін оған 151,6 миллиард теңге жиналған. Бұл қаржы қосалқы мектеп ғимараттары мен интернаттарды салу, қайта жаңғырту жұмыстарына бағытталады. Сондай-ақ ол, апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюды көздейді.