Елімізде транзиттік тауар тасымалдаушылардан төлем алына бастады

Үкімет қаулысы, қыркүйектің 15 нен бастап күшіне енді.

Құжат бойынша кедендік декларация рәсімдеу құны алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде бекітілген. Яғни 20 700 теңге болып отыр. Шығыстан батысқа жөнелтілген жүктің басым бөлігі, Қазақстан – Қытай шекарасы арқылы өтеді. Жетісу облысындағы 4 кеден бекетінде, бір күнде екі жарым мың, транзиттік декларация толтырылған.

Бауыржан Бақытұлы, облыстық МКД бөлім басшысы:

- Темір жол болсын үлкен автокөліктер болсын жүк тасымалдайтын жағдайда сондай төлемдер транзит үшін алынады. Бүгінгі таңда бір күн ішінде 51 млн-нан астам теңге түсті.