820 млн теңге жеке инвестициялық басқаруға аударылды

Өткен айда 583 қазақстандық зейнетақы қорындағы 820 млн теңгеден астам қаражатын жеке инвестициялық басқаруға аударды.

Ал жалпы 2,5 жыл ішінде инвестициялық портфель басқарушыларына 10 млрд теңгеге жуық қаржы аударылған. 2021 жылдың ақпанынан биылғы шілдеге дейін зейнетақы қоры 6 738 өтінішті орындаған. Аударымның орташа сомасы 1,45 млн теңгені құрайды. Еске сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар жеткіліктілік шегін есепке алмай-ақ, міндетті жарна түрлері есебінен жинағының жартысына дейін жеке инвестициялық басқаруға бере алады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында тіркелген 5 инвестициялық компания бар. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған қаржыны толық көлемде инвестициялық басқаруға беруге болады.