Ақтөбе облысындағы шалғайдағы ауылдарға газ жүргізіліп жатыр

Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданының шалғайдағы екі ауылы биыл көгілдір отын желісіне қосылады.

Өңірдегі 18 елді-мекеннің 8-і, тұрғындардың 98,2 проценті табиғи газбен қамтамассыз етіледі. Бұл жолы Нұра мен Аманкөл ауылының кезегі келген. Жалпы облыс халқының 93,4 проценті көгілдір отынды тұтынып отыр. Жыл соңына дейін тағы 12 елді мекенді қамту көзделген. Атап айтқанда Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Темір мен Ойыл, Хромтау ауданының 9 мыңға жуық халқы өркениет игілігіне қол жеткізеді.

Нұртай Сертаев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- 165 елді мекен немесе 843 600-ден астам халық газбен қамтылады. Бұдан басқа 24 ауылды газдандыруды көздейтін 19 жобалық сметалық құжаттама әзірленген. Сондай-ақ 3 жобалық-сметалық құжаттама қазіргі таңда әзірленуде.